Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы Ислам ойындарының чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Финалда қазақстандық спортшылар Иран құрамасымен кездесіп, 8:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.