Англия футбол қауымдастығы ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындауларына бір қадам жақындады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Команданы құрдымға әкелген Гарет Саутгейт кеткеннен кейін көптеген инсайдерлердің айтуынша ұлттық құраманы испандық маман Хосеп Гвардиола басқарады деген еді. Алайда, қазір басымдық неміс маманы Томас Тухельге берілуде.
Тухельге келетін болсақ, ол «Бавария» командасымен 2023/2024 жылдары келісімшартын бұзғаннан кейін ешбір команда мен құрамаға бапкерлік еткен жоқ.