Мәзір
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Жаңалықтар

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасына жеңіс сыйлады

Влатко Маркович атындағы халықаралық турнирдің финалында Португалия U-15 мен Хорватия U-15 құрамалары кездесті. Криштиану Роналду Джуниор дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.  

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасына жеңіс сыйлады Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасына жеңіс сыйлады
Fabrizio Romano

Финал 3-2 есебімен аяқталды. Кіші Роналду соғылған голдарды әкесінің стилінде атап өтті. Сондай-ақ ол 7-ші нөмірлі жейдемен ойнады. 

Криштиану Роналду Джуниор Португалияның 15 жасқа дейінгі құрамасына алғаш рет мамыр айында шақырту алды. Ол өзінің алғашқы халықаралық турнирінде жеңіске жетіп отыр. Қазір әйгілі футболшының ұлы "әл-Насрдың" академиясында доп тебеді. 

 

Көп оқылды: