Жаңалықтар

"Ақтөбе" премьер-лигада көш бастады

Қазақстан премьер-лиасының 9-шы турында "Ақтөбе" "Оқжетпес" алаңына қонаққа барды. Ақтөбеліктер 1-3 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. 

Есепті алғаш болып "Оқжетпес" ашты. 14-ші минутта қорғаушы Тимур Досмағамбетов нәтижелі соққымен көзге түсті. Дегенмен бірінші таймның соңғы минуттарында қонақтардың шабуылшысы Оралхан Өміртаев таразы басын теңестірді. Екінші таймда ақтөбеліктердің гаитилік шабуылшысы Жайро Жан дубль жасап, өз командасына жеңіс сыйлады. Осы жеңістен кейін "Ақтөбе" 25 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. 

10-шы турда "Ақтөбе" "Жетісу" алаңына қонаққа барады. Ал "Оқжетпес" Алматыда "Қайратқа" қарсы тұрады.