Дастан Сәтпаев - сәуірдің үздік ойыншысы
"Кинопоиск. Айдың үздік ойыншысы" дауыс беру нәтижесі бойынша "Қайрат" ФК шабуылшысы Дастан Сәтпаев жеңімпаз атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматылық шабуылшы сәуірде 5 ойын өткізіп, 4 гол соқты. 2 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар премьер-лига тарихындағы ең жас дубль авторы атанды.