Харри Кейн алғашқы чемпиондық атағына ие болды
Англия ұлттық құрамасының 31 жастағы шабуылшысы "Бавария" құрамында Германия чемпионы атанды. Бұл Кейннің алғашқы чемпиондық атағы.
Бундеслиганың 32-ші турында "Баварияның" басты қарсыласы - "Байер" "Фрайбургпен" тең ойнады. Есеп 2-2. Осылайша мюнхендік клуб Германия біріншілігінің аяқталуына 2 тур қалғанда чемпион атанды. "Баварияның" еншісінде 76 ұпай бар. Екінші орындағы "Байер" 68 ұпай иеленді.
Харри Кейн 10 жылдай "Тоттенхэмде" ойнайды. Алайда командамен айтарлықтай жетістікке жете алған жоқ. Тек 3 мәрте Англия премьер-лигасының үздік сұрмергені болды. Англия құрамасымен бірге шабуылшы екі рет Еуропа біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.