Рамазан Оразовтың командасы Дания Кубогының жартылай финалында тең ойнады
Рамазан Оразов ойнайтын "Силькеборг" клубы Дания Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта "Брондбюмен" тең түсті. Есеп 3-3.
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы алаңға 82-ші минутта шықты. Ол Каллам МакКоуатты алмастырды. "Силькеборг" алғашқы таймнан соң 0-3 есебімен алда келе жатқан. Алайда алаң иелері үзілістен соң ес жиып, есепті теңестіре алды.
Қарымта ойын мамырдың 7-де өтеді.