Мәзір
30 сәуір, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар

«Ақтөбе» футбол клубының басшылары 250 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Облыстық прокуратура ақтөбелік клубтың қызметін тексерді. Тексеріс нәтижесінде 250 млн теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды. 

"Ақтөбе" футбол клубының басшылары 250 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді "Ақтөбе" футбол клубының басшылары 250 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
"Ақтөбе" ФК

Прокуратураның мәліметі бойынша, ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәмілелер жасалған. Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

 

Көп оқылды: