Романоның мәліметінше, Бразилия федерациясы мен Анчелотти келісімге келді. Италиялық маман Скуадра Адзурроны 2026 жылғы Әлем чемпионатына алып шығуға тиіс.
Еске салайық, Анчелоттидің қазіргі командасы - "Реал" үшін биылғы маусым сәтсіз өтіп жатыр. Чемпиондар лигасының қазіргі иегері 1/4 финалда "Арсеналдан" жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Ал бірнеше күн бұрын Испания Кубогының финалында ежелгі қарсыласы - "Барселонаға" 2-3 есебімен есе жіберді. Ал Ла лигада "Барселонадан" 4 ұпай артта келеді. Испан біріншілігінің аяқталуына 5 тур қалды.