Жаңалықтар

УЕФА президенті: Президент Тоқаев үлкен спорттың жанкүйері екенін түсіндім

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының деңгейі көтеріліп келеді. Талантты жас ойыншылары да көбейді. Бұл туралы Александер Чеферин Jibek Joly арнасына берген сұхбатында айтты. 

УЕФА президенті Қазақстан президентімен кездесуден алған әсерін айтты. 

"Мен Президент Тоқаев спорттың үлкен жанкүйері екенін түсіндім. Ол футболды да ұнатады екен. Біз Қазақстан және Еуропа футболы туралы көп сөйлестік. Футболды дамыту керектігін де талқыладық. Біз инфрақұрылымды дамыту ең маңызды мәселе екеніне келістік. Қазақстанда бірқатар стадион салынады. Егер инфрақұрылым талаптарға сай келсе, мен Қазақстанға тағы келуге қуанамын және маңызды матчтарды өткізе аламыз. Біз сондай-ақ УЕФА Конгресін өткізу мәселесін де талқыладық". 

Александер Чеферин екіжақты қарым-қатынас алдағы уақытта нығая түсетініне сенім білдірді. Еске салайық, бұл УЕФА президентінің Орталық Азияға алғашқы ресми сапары.