Жаңалықтар

Қазақстандық каратэшілерді олимпиада жүлдегері жаттықтырады

Дархан Асаділов каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 

 

Дархан Асаділов - Токио олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионаттарында күміс (2008 ж.) және қола (2018 ж.) жүлделерге ие болған.  Karate-1 премьер-лигасының 8 дүркін жеңімпазы. Бұған дейін Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырған. 

Дархан Асаділовтің бас бапкер ретіндегі алғашқы халықаралық жарысы Азия чемпионаты болады. Құрлықтық дода мамырда Ташкентте өтеді.