Жаңалықтар

Ұлттық олимпиада комитеті Атқарушы комитетінің құрамы өзгерді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясында Атқарушы комитеттің жаңа құрамы бекітілді. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.  

Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты. Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің жаңа құрамы жасақталды. 

Вице-президенттер:

Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;

Шахмұрат Мұтәліп – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;

Данияр Абулгазин – жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;

Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;

Гаджи Гаджиев – жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.

 

Спортшылар комиссиясының өкілі:

Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті.

 

Ұлттық федерациялар басшылары:

Әлия Юсупова – Гимнастика федерациясының президенті;

Мәди Такиев – Волейбол федерациясының президенті;

Асхат Жіткеев – Дзюдо федерациясының бас хатшысы;

Нұрлан Жақыпов – Су спорты түрлері федерациясының президенті;

Ержан Біржанов – Триатлон федерациясының президенті;

Берік Асылов – Спорттық ату федерациясының президенті;

Құдірет Шамиев – Таэквондо (WTF) федерациясының президенті;

Қайрат Дүйсенов – Гольф федерациясының вице-президенті.