Жаңалықтар

Ла лига: "Барселона" мен "Реал" жеңген, "Атлетико" жеңілген тур

Испания біріншілігінің 32-ші турындағы соңғы ойында Мадридтің "Реалы" мен "Атлетик" кездесті. Тартысты өткен матчтың 93-ші минутында алаң қожайындары жеңісті жұлып алды.  

Чемпиондар лигасындағы жеңілістен кейін "Реал" өз алаңында "Атлетикті" жеңу үшін барын салды. Сондықтан алғашқы минуттан бастап шабуылға көшті. Алайда жанкүйерлер алғашқы голды ұзақ күтті. 79-шы минутта Джуниор Винисиус есеп ашқан еді. Бірақ төреші офсайд тіркеп, голды есепке алған жоқ. Дегенмен алаң иелері қысымды азайтқан жоқ. Толассыз шабуыл ақыры өз нәтижесін берді. 93-ші минутта Феде Вальверде жойқын соққымен "Реалға" жеңіс сыйлады. Осылайша Мадрид 69 ұпай жинап, чемпиондыққа таласты тоқтатқан жоқ. Ал көш басындағы "Барселона" өз алаңында "Сельтаны" қабылдап, 4-3 есебімен жеңіске жетті. 98-ші минутта Рафинья пенальтиді сәтті орындап, жеңіс голын соқты. Каталониялықтар 73 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал үшінші орындағы "Атлетико" сырт алаңда "Лас-Пальмасқа" 1-0 есебімен жол берді. Енді келесі турда "Барселона" "Мальорканы", "Атлетико" "Райо Вальеканоны" қабылдайды. Ал "Реал" "Хетафеге" қонаққа барады. Еске салайық, Испания чемпионатының аяқталуына 6 тур қалды.