Жаңалықтар

Левандовски 3 апта ойнамайды

Роберт Левандовски Испания біріншілігінің 32-ші турында "Сельтамен" болған ойында жарақат алды. "Барселона" өкілдері шабуылшы кем дегенде 3 апта алаңға шықпайтынын мәлімдеді.  

Левандовски ойынның 78-ші минутында алаңнан кетті. Оны Гави алмастырды. Матчтан кейін Польша ұлттық құрамасы мен "Барселона" шабуылшысының сіңірі жарақаттанғаны хабарланды. Еске салайық, 26-шы сәуірде "Барселона" Мадридтің "Реалымен" Испания Кубогын сарапқа салады. Ал сәуірдің 30-ы мен мамырдың 6-нда ЧЛ жартылай финалы аясында каталониялықтар италиялық "Интермен" кездеседі.