"Ордабасы" маусымдағы алғашқы жеңіске қол жеткізді
Шымкенттің "Ордабасы" клубы премьер-лиганың 5-ші турында "Жетісуді" қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.
Шымкенттік футболшылар бірінші таймда қарсылас қақпасына 16 соққы жасады. Алайда соның біреуі ғана голға айналды. Бірінші тайм түгесілер тұста алаң иелерінің бразилиялық шабуылшысы Эвертон ойындағы жалғыз голдың авторы атанды. Бұған дейін "Ордабасы" "Астана" (1-2) мен "Қайраттан" (0-4) жеңіліп, "Қызылжар" (0-0) мен "Ақтөбемен" (0-0) тең түскен еді. Енді келесі турда шымкенттік футболшылар "Тұранмен" кездеседі. Ал талдықорғандық клуб "Елімайды" қабылдайды.