Жаңалықтар

ҚПЛ: "Қызылжар" ойын соңында Атыраудан жеңісті жұлып алды

Қазақстан премьер-лигасының 5-ші турында "Атырау" "Қызылжарды" қабылдады. Тартысқа толы матчта алаң қонақтары 1-2 есебімен жеңіске жетті. 

Есепті қызылжарлықтар ашты. 23-і минутта бразилиялық қорғаушы Матеус Барбоса нәтижелі соққымен көзге түсті. Бұған дейінгі 5 ойында жолы болмай келе жатқан атыраулықтар екінші таймда барын салды. Тіпті, 71-ші минутта Мирам Сапанов гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді бір серпілтті. Алаң иелері шабуылды үдеткенімен, еш нәтиже шыққан жоқ. Ал 94-ші минутта атыраулықтардың қорғаушысы Гиорги Гадрани тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. "Қызылжар" сан басымдығын сәтті пайдаланып, 96-шы минутта Дарко Зорич жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп 1-2.