Жаңалықтар

Абат Айымбетовтың клубы қатарынан бесінші рет жеңілді

Абат Айымбетов ойнайтын "Адана Демирспор" клубы Түркия Суперлигасында қатарынан бесінші рет жеңілді. Бұл жолы қазақстандық шабуылшының командасы 32-ші тур аясында өткен ойында "Трабзонспорға" жол берді.  

Бірінші тайм аяқталар тұста алаң қонақтарының шабуылшысы Симон Банза дәл соққымен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Абат Айымбетов 62-ші минутқа дейін ойнады. Қазақстандық футболшыны шабуылшы Юсуф Бараси алмастырды. Бұған дейін "Адана Демирспор" "Эюпспордан" (0-6), "Кайсериспордан" (0-2), "Сивасспордан" (1-5), "Самсунспордан" (2-3) жеңілген еді. Соңғы рет 1-ші наурызда "Бодрумспормен" тең ойнап (0-0), 1 ұпай иеленген еді. Енді Абат Айымбетовтың командасы 33-і турда "Коньяспормен" кездеседі.