Ерні жырылса да, қазақ балуаны жеңісті бермеді
Әлішер Ерғали ширек финалға шықты
Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында сынға түсті. Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Элдерспен белдесті. Нәтижесінде қазақ балуаны 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ол ширек финалда Ахмед Тажудинов (Бахрейн) – Амир Али Азарпира (Иран) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.