Мәзір
16 қазан, 2024 / Admin / Күрес

Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатыса ма?

Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатысу туралы пікір білдірді

Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатыса ма? Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатыса ма?
Michael Reaves/Getty Images. Суретте: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды. 

"Париж Олимпиадасынан кейін бапкеріммен ақылдаса келе 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадық. Лос-Анджелеске дейін күресе беруді көздеп отырмыз. Парижде алған қола медаль маған шабыт берді. Жарақат, алаңдататындай мәселе жоқ. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Дзюдо – менің жұмысым. Қолдан келгенше келесі Олимпиадаға қатысамыз деген ниеттеміз. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз", – деді Ғұсман Қырғызбаев YouTube желісіндегі "Beren live" арнасына берген сұқбатында

Айта кетейік, дзюдодан 66 кг дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.