weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
16 қазан, 2024 / Admin / Күрес 422
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы атанды

Ол финалда айқын жеңіске қол жеткізді

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы атанды Ризабек Айтмұхан еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы атанды
uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан

Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Ризабек Айтмұхан финалда сынға түсті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта бақ сынаған Ризабек Айтмұхан финалдық бәсекеде әзірбайжандық Хетаг Карсановпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстанның еркін күрес тарихында әлем чемпионы дәрежесіне жеткен тұңғыш балуан атанды.

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Көп оқылды:

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера