Күрес

Қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді

Ол соңғы біріншілікте үздік нәтиже көрсеткен еді

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Ғалия Тынбаеваның қоржыныда 3779 ұпай бар. 

Айта кетейік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын.