Олимпиадада медаль алмасақ, өзімізді халық жауы сезінетін едік – Нұрбақыт Теңізбаев (видео)
Олимпиада жүлдегері өткен шақты еске алды
Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақстандық грек-рим күрес шебері Нұрқанат Теңізбаев YouTube желісіндегі "Jas Alash" арнасына сұқбат берді. Сұқбат барысында ол Бейжің Олимпиадасына барған сәтін есіне алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Мен 2004 жылы Афина Олимпиадасына қатыстым. Ол кезде медаль аламын деген сеніммен кеткем. Ол уақытта 2003 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы болдым. Бірақ сол Олимпиада маған үлкен сабақ болды. Жеңіліспен елге келгесін, одан екі есе қатты дайындалдық. Ол кезде өзімізді халық жауы ретінде сезінетін кез еді.
4 жылдан кейінгі Олимпиадаға басқа көзқараспен бардық. Ол Олимпиадаға алтын аламын деп барғам, бірақ құрқол қайтпадық. Жеңіс тұғырына шыққан сәтім мен үшін ұмытылмастай сәт болып саналады", - деді Нұрбақыт Теңізбаев.
Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен күміс медаль жеңіп алған болатын.