Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
11-13 қазан күндеріне жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады.
Аталған турнирде Қазақстан намысын 13 татами шебері қорғайды. Олардың қатарында Париж Олимпиадасында бақ сынаған дзюдошы Әбиба Әбужақынова да бар.
Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:
Әйелдер:
Абиба Абужақынова (-48 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
Карина Такиева (+78 кг)
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Дәурен Сүйеукенов (-60 кг)
Әділбек Берікұлы (-66 кг)
Дархан Қойбағар (-73 кг)
Ермек Амангелді (-73 кг)
Жалғас Қайролла (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Әділет Сапарғалиев (-100 кг)
Мәди Еділбаев (+100 кг)