Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үш қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін күреседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дзюдодан әйелдер арасындағы 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде франциялық спортшы Лаура Эспадиньені жеңді. Енді Әбиба Әбужақынова германиялық дзюдошы Сара Иштпен қола жүлде үшін сынға түседі.
Ал ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Дәурен Сүйкенов те жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. Ол өзбекстандық Камолиддин Бахтиеровтан басым түсті.
Ал Дәурен Сүйкенов қола жүлде үшін кездесуде отандасы Мағжан Шамшадинмен шеберлік байқасады. Мағжан Шамшадин жартылай финалда франциялық спортшы Седрик Риволға жол берген еді.