Қазақтстандық боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның 28 қыркүйекте өтетін кездесуі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын", – деп жазды Жанқош Тұраров Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, 63,5 кг салмақта жұдырықтасатын боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның жекпе-жегі 28 қыркүйекке жоспарланған болатын.