weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 21
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айдар Шәріпбаев Ташкенттегі жекпе-жектегі төрешілер шешімін сынға алды

Қазақстандық боксшы әрі сарапшы Айдар Шәріпбаев World Boxing Кубогының финал кезеңіндегі Даниял Сабиттің жекпе-жегінен кейін төрешілер шешіміне күмән келтірді. Ол тіпті ұйым басшысы Геннадий Головкинге ирониямен сауал жолдады.

Айдар Шәріпбаев Ташкенттегі жекпе-жектегі төрешілер шешімін сынға алды Айдар Шәріпбаев Ташкенттегі жекпе-жектегі төрешілер шешімін сынға алды
Sports.kz

Ташкентте өтіп жатқан World Boxing Кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Даниял Сабиттің жекпе-жегінен кейін төрешілер шешімі қызу талқыланды. Бұл кездесуде ол өзбекстандық Шодиержон Меликузиевке есе жіберді.

50 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда өткен айқаста үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебін тіркеп, жеңісті Меликузиевке берді. Осылайша Сабит жарыстағы өнерін ерте аяқтады.

Қазақстандық боксшы әрі сарапшы Айдар Шәріпбаев жекпе-жектен үзінді жариялап, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинге ирониямен үн қатты.

«5:0??? Глава World Boxing точно Гена?» — деп жазды ол стористе.

Бұған дейін Шәріпбаев World Boxing басшылығындағы күштердің ара салмағына да пікір білдірген еді. Себебі Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Миршохид Тиллабаев ұйымның вице-президенті әрі Головкиннің орынбасары болып сайланған болатын.

Ташкенттегі финалдық кезең 28 қарашада басталып, 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі жеңіске жетіп, үш рет жеңілді.

.

Көп оқылды:

.
.