Даурен Ермеков АСА турнирінде Николa Дипчиковпен жұдырықтасады
Қазақтың аралас жекпе-жек шебері Даурен Ермеков 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін ACA 211 турнирінде болгариялық Николa Дипчиковпен кездеседі. Жекпе-жек орта салмақтағы рейтингтік орын үшін маңызды болмақ.
Absolute Championship Akhmat (АСА) лигасы қазақстандық файтер Даурен Ермеков пен болгариялық Николa Дипчиков арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады.
Бұл кездесу 25 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін ACA 211 турнирі аясында ұйымдастырылады.
Орта салмақтағы бұл айқаста екі мықты спортшы рейтингтегі орнын жақсартуды көздейді. Лига өкілдерінің айтуынша, Дипчиков — қауіпті нокаутшы, ал Ермековтің де қарсыласқа қарсы уәжі жеткілікті: оның еншісінде нокаутпен де, тұншықтыру әдісімен де алынған жеңістер бар.
Даурен Ермеков соңғы жекпе-жегін шілде айында өткізіп, бразилиялық Рене Пессоаны екінші раундта сабмишенмен жеңген. Ал Николa Дипчиков маусымдағы соңғы айқасында ресейлік Александр Шлеменкодан екінші раундта мерзімінен бұрын ұтылған.
Профи-ММА-дегі мансабында Дипчиков 24 жеңісінің 20-сын нокаутпен аяқтаған.