Футбол

«Семей» футзал Лигасы чемпиондар лигасында «Атлетикті» жеңді

Қазақстандық «Семей» Молдовада өткен 1/8 финалдың алғашқы матчында украиналық «Атлетикті» 3:2 есебімен ұтты. Жеңіс голын Педриньо соңғы минуттарда соқты.

Қазақстанның «Семей» футзал клубы Лигасы чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында украиналық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді. Кездесу Молдовадағы Чореску қаласында өтті.

Матчтың 7-минутында Фернан есеп ашты. Алайда бірінші тайм аяқталмай жатып, 18-минутта Эдуард Нагорный таразы басын теңестірді.

24-минутта «Атлетик» ойыншысы Давид Калашник қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Екі минуттан кейін Педриньо «Семейді» қайта алға шығарды.

35-минутта Олег Выставной есепті қайта теңестірді. Бірақ бір минуттан соң украиналық клуб тағы бір ойыншысынан айырылды: Богдан Мещеряков та алаңнан қуылды. Осы сәттен кейін 38-минутта Педриньо дубль жасап, жеңіс добын соқты.

Қарымта кездесу 5 желтоқсанда Семейде өтеді. Қазақстандық клуб екі ойын қорытындысы бойынша бір доптық басымдықпен барады.