Үлкен теннис

ESPN Елена Рыбакинаны 2026 жылғы WTA-турдың үздік теннисшісі деп таныды

ESPN 2026 жылғы маусым қорытындысында Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаны WTA-турдың ең үздік теннисшісі деп атады. Америкалық басылым оның екі «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңісін және маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтағанын ерекше бағалады.

ESPN 2026 жылғы теннис маусымын қорытындылай келе, Қазақстанның өкілі Елена Рыбакинаны WTA-турдың ең үздік теннисшісі деп таңдады.

Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде тәмамдады. Басылым оның Австралия ашық чемпионаты мен US Open турнирлеріндегі жеңістеріне айрықша тоқталды.

ESPN материалында Рыбакинаның маусым басындағы үстем ойыны да атап өтілді. Басылымның жазуынша, ол Australian Open турнирінде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, Ига Швёнтек пен Джессика Пегула сияқты мықтыларды айқын басымдықпен ұтқан.

«Жеке басымының қуаты көп жағдайда қарсыластарын психологиялық тұрғыдан тұқыртып тастады, ал салқынқанды ойыны оны тоқтату мүмкін емес теннисшіге айналдырды», — деп жазды ESPN. Финалда Рыбакина Аріна Соболенканы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, 2023 жылғы шешуші матч үшін кегін қайтарды.

US Open қарсаңында қазақстандық теннисшіге денсаулығына қатысты қиындықтар да кедергі болды. Ол Цинциннатидегі ширек финалдық кездесуде ахилл сіңірінің жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмай, кейін Нью-Йорктегі турнирге қатысуы күмәнге түскен еді.

Соған қарамастан, Рыбакина US Open-де сенімді ойнап, жартылай финалда Коко Гауффты үш сетте жеңді. Кейін финалда тағы да Соболенканы ұтып, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын және бір маусымдағы екінші ірі жеңісін тіркеді. Сол жеңістен екі күн өткен соң ол Соболенканы ығыстырып, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.

Маусымды Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінде тағы бір трофеймен толықтырған Рыбакина ауруына байланысты WTA қорытынды турнирін аяқтай алмады. Дегенмен ESPN оны 2026 жылдың үздік теннисшісі деп тануға еш күмән болмағанын атап өтті және алдағы маусымдарда да оны барлық ірі жарыстардың басты фавориттерінің бірі ретінде қарастыратынын жазды.