CAS Сенегалдың Африка кубогындағы жеңісін күшінде қалдырды
Спорттық арбитраждық сот Сенегал футбол федерациясының шағымын қанағаттандырып, командаға берілген 1:0 есебін сақтап қалды. Осылайша апелляциялық комитеттің сенегалдықтарға техникалық жеңіліс тағайындау туралы шешімі күшін жойды.
Спорттық арбитраждық сот (CAS) Африка ұлттар кубогының жеңімпазын ресми түрде бекітті. Сот Сенегал футбол федерациясының шағымын қанағаттандырып, финалдағы 1:0 есебін күшінде қалдырды.
Осылайша Африка футбол конфедерациясының апелляциялық комитеті сенегалдықтарға 0:3 есебімен техникалық жеңіліс беру туралы шешімін жойды. Бұл жөнінде соттың ресми сайтында хабарланды.
Финалдың 90+9-минутында төреші Жан-Жак Нгамбо Ндала Марокко қақпасына пенальти белгіледі. Бұған наразылық ретінде Сенегал ойыншылары алаңнан кетіп қалды, үзіліс 15 минуттан астам уақытқа созылды.
Кейін сенегалдықтардың капитаны Садио Мане әріптестерін қайта оралуға көндірді. Ал Марокконың қанат ойыншысы Браим Диас 90+23-минутта пенальтиді пайдалана алмай, допты Эдуар Мендидің қолына дәл бағыттады.
Ойынның жалғыз голын қосымша уақытта Сенегал жартылай қорғаушысы Пап Гейе соқты.