Күрес

Қазақстан Таиландтағы күрес турнирінде төрт алтын медаль иеленді

Сирачта өткен халықаралық грек-рим күресі турнирінде Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер мен жастар санатында ел балуандары топ жарды.

Таиландтың Сирач қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды.

17 жасқа дейінгі жас санатында Марлен Төлеш 71 келі салмақта чемпион атанса, Арыстан Темерғали 110 келіде қарсылас шақ келтірмей, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Бұған дейін 20 жасқа дейінгі бәсекеде Еркебұлан Анапия 82 келіде, ал Данияр Қанагатбек 72 келіде алтын медаль еншілеген еді.

Осылайша, Қазақстан палуандары аталған жарыста төрт мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Турнир 22 қарашаға дейін жалғасады.