Тчуамени «Реалмен» 2032 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды
Орельен Тчуамени мадридтік «Реалдағы» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартуға қатысты пікір білдірді. Француз жартылай қорғаушысы бұл клубта ойнауды үлкен мәртебе деп атады.
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени клубпен келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартқаннан кейін өз әсерімен бөлісті.
Француз футболшысы үшін мадридтік ұжымның сапында, «Бернабеуде» және әлемнің кез келген нүктесінде өнер көрсету — үлкен мәртебе екенін айтты.
«Мадридтік «Реалда» ойнау, мадридтік жанкүйерлер үшін, «Бернабеуде» және әлемнің кез келген жерінде өнер көрсету — бұл артықшылық. Осы сапарды жалғастыру мүмкіндігі — керемет сезім. Сенім мен қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет. Соңғы бірнеше жылда бөліскен тамаша сәттерімізді жылы еске аламын, бірақ ең бастысы — алда әлі жазылар көптеген тарауларды тағатсыздана күтемін, өйткені бізге бірге жазатын әңгіме көп».
Тчуамени осы маусымда «Реал» сапында 10 матч өткізді: оның екеуі Ла Лигада, сегізі Чемпиондар лигасында. Француз жартылай қорғаушысының еншісінде бір нәтижелі пас бар.