«Дұрыс мақсаттары жоқ»: Ел тарихындағы алғашқы чемпион қазақ боксын сөкті
Василий Жиров қазіргі боксшыларға көңілі толмайды екен
Қазақстан тарихындағы бокстан алғашқы ел чемпионы Василий Жиров биылғы Париж-2024 Олимпиадасында өнер көрсеткен боксшыларымызға еш көңілі толмағанын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
"Біздің жігіттер үшінші раундтан кейін шаршап қалды. Олар алғашқы екі раундта барлық энергияларын жіберіп қойды. Жігіттерді 4-ші және 5-ші раундқа дейін еркін жұдырықтаса алатын деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл- проблема. Сонымен қатар, тағы бір проблем - бұл психология. Олар дұрыс мақсат қоя білу керек. Мақсат болмаса, нәтиже де болмайды",- деді Жиров.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы Олимпиада ойындарына барлық ұсынылған жеті салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті. Олардың ішінен Нұрбек Оралбай ғана елге күміс жүлдемен оралды.