Футбол

Қазақстан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінде төртінші себетке түсті

Қазақстан құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі жеребесіне төртінші себеттен қатысады. Жеребе 6 желтоқсанда Белфастта өтеді.

Қазақстанның футбол құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне арналған жеребе алдында төртінші себетке орналасты.

УЕФА 54 құраманы 2026/27 маусымындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі жалпы рейтингке сүйеніп, бес себетке бөлді. Қазақстан бұл тізімде 45-орынға жайғасты.

Жеребе нәтижесінде қазақстандықтар алғашқы үш себеттің әрқайсысынан бір-бір қарсылас алады. Егер команда бес құрамалы топқа түссе, оған бесінші себеттен тағы бір қарсылас қосылады.

Еуро-2028 іріктеу жеребесіне арналған себеттердің құрамы мынадай:

Бірінші себет: Англия, Португалия, Франция, Германия, Испания, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, Грекия, Италия, Дания, Хорватия.

Екінші себет: Уэльс, Сербия, Түркия, Чехия, Швейцария, Швеция, Австрия, Солтүстік Ирландия, Словения, Босния және Герцеговина, Венгрия, Ирландия.

Үшінші себет: Украина, Шотландия, Косово, Польша, Израиль, Румыния, Грузия, Солтүстік Македония, Черногория, Албания, Исландия, Словакия.

Төртінші себет: Эстония, Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Қазақстан, Люксембург, Латвия, Сан-Марино.

Бесінші себет: Мальта, Әзербайжан, Литва, Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн.

Жеребе 6 желтоқсанда Белфастта өтіп, Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Тікелей жолдама 12 топтың жеңімпаздарына және екінші орын алған командалардың ішіндегі үздік сегіздікке беріледі.