Бибисара Асаубаева Карлсенге қарсы партияда тең түсті
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Будапешттегі турнирде Магнус Карлсенмен өткен партияда тең есеп тіркеді. Осылайша ол норвегиялық гроссмейстерге қарсы жеңілістер сериясын тоқтатты.
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде 16 дүркін әлем чемпионы Магнус Карлсенмен тең түсті.
Қос қарсылас плей-офф кезеңіндегі бесінші сетканың жартылай финалында, яғни 17-орыннан 20-орынға дейінгі орындар сарапқа салынатын бөлікте бақ сынап жатыр. Екінші ойын күні Асаубаева үшін ауыр басталды: ол блиц форматындағы алғашқы төрт партияда Карлсенге есе жіберіп, есеп норвегиялық шахматшының пайдасына 4:0 болды.
Алайда келесі кездесуде қазақстандық шахматшы рапид форматында қара тастармен емес, ақ фигуралармен ойнап, жеңіліс сериясын тоқтатты да, тең есепке қол жеткізді. Бұл нәтижеден кейін екі шахматшы да екі ұпайдан алды, ал екінші ойын күнінің қорытындысы 6:2 есебімен Карлсеннің пайдасына жазылды.
Бірінші ойын күні 11,5:8,5 есебімен норвегиялық спортшы алда тұрған еді. Сол күні Асаубаева сегіз ұпайды Карлсеннің соңғы жылдам классика партиясына шықпауының арқасында алған болатын.
Алда қарсыластарды екінші ойын күніндегі тағы екі партия күтіп тұр: бір рапид және соңғы жылдам классика кездесуі. Бұл турнирдің жүлде қоры 650 мың долларды құрайды.