Чехия Ресей хоккейшілеріне 2027 жылғы жасөспірімдер чемпионатына виза бермейді
Чехия сыртқы істер министрі Петр Мацинка Ресейдің U-18 қыздар құрамасына 2027 жылғы әлем чемпионатына келу үшін виза берілмейтінін мәлімдеді. Турнир 8–16 қаңтар аралығында Острава қаласында өтеді.
Чехияның сыртқы істер министрі Петр Мацинка Ресейден келетін хоккейшілерге 2027 жылғы жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысу үшін виза берілмейтінін растады. Қыздар арасындағы U-18 турнирі 8–16 қаңтар күндері Остравада өтеді.
Министрдің айтуынша, Шенген аймағына кіруге виза тек ерекше жағдайда ғана рәсімделуі мүмкін. Алайда ол қазіргі ахуалда Ресейдің ұлттық командасын Чехияда қабылдауды орынсыз деп санайтынын жеткізді.
«Ресей Федерациясынан Шенген аймағына кіруге виза тек бір елдің сыртқы істер министрі ерекше рұқсат берген жағдайда ғана берілуі мүмкін. Қазіргі жағдайды ескере отырып, олардың ұлттық хоккей командасының Чехияда ойнауы, мұнда Ресей гимні шырқалуы немесе Ресей жалауларын көруіміз дұрыс емес деп есептеймін. Бұл шынымен орынсыз. Сондықтан мұндай ерекше рұқсат бермеймін деп шештім», — деді Мацинка.
30 қазанда Спорттық төрелік соты (CAS) Ресей құрамаларының жарыстарға қатысу мәселесі бойынша шешім шығарған. Соған қарамастан, Прага өздерінің виза саясатын өзгертпейтінін айтты.
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ресей құрамасының қатысу-қатыспауына қатысты түпкілікті шешімді әлі жариялаған жоқ. Сондықтан Остравадағы январь айындағы жасөспірімдер әлем чемпионатына Ресей құрамасының қатысуы әлі де күмәнді күйінде қалып отыр.