Крикунов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге болатынын айтты
«Барыс», Қазақстан және Ресей құрамаларын басқарған Владимир Крикунов 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын Канада орнына Қазақстанда өткізуге болатынын айтты. Ол Ресей құрамасының турнирден шеттетілуіне байланысты жағдайды сынға алды.
«Барыс», Қазақстан және Ресей құрамаларының бұрынғы бас бапкері Владимир Крикунов 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын Канадада емес, Қазақстанда өткізуге болады деген пікір білдірді. Ол Ресейдің жастар құрамасының турнирге жіберілмеуіне байланысты осындай ұсыныс айтты.
Крикуновтың айтуынша, Дүниежүзілік хоккей қауымдастығы мен спортқа жауапты ұйымдар мұндай жағдайға байыппен қарауы керек. Ол CAS шешімдері орындалмай қалса, бұл халықаралық спорт жүйесінде тәртіпсіздік туғызатынын атап өтті.
«МОК и тем, кто отвечает за спорт в мире, надо думать над этой ситуацией. Получается, CAS вообще не нужен, если его решения необязательны к исполнению. Канаде без разницы на его решение. В мире будет полный бардак, если каждый так будет решать. Так могут и на взрослый чемпионат мира Россию не пустить. Какой смысл тогда во всём, если каждый придумывает свои решения? Всемирный бардак!Канаду надо лишать турнира за такое. Россия могла бы провести чемпионат мира, но к нам не поедут, что-нибудь выдумают. Мог бы Казахстан провести. Канаде надо на лет 10 запретить проводить турниры. Не зря же там с 2008 года не проводят взрослый чемпионат мира, ИИХФ отказалась организовывать. Надо и молодёжный забрать. Но если турнир проведут в России или Европе, то стадионы будут пустые, а канадцы даже на любой матч молодёжного чемпионата заполняют стадионы.ФХР надо продолжать судиться, пора прекращать это всё. Думаю, у МОК есть рычаги давления. Потом, когда всё успокоится, мы тоже возьмём, не пустим Канаду на чемпионат мира. Что тогда получится?»
Қазан айында Спорттық арбитраж соты Ресейдің барлық деңгейдегі құрамаларын 2026/2027 маусымындағы халықаралық жарыстарға жіберуді Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына міндеттеген еді. Алайда осы шешімнен кейін де 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты дау жалғасып отыр.