Жаңалықтар

Қазақ спортшысы батут гимнастикасынан жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс алды

Алихан Маулет Қытайдың Нанкин қаласында өткен батут гимнастикасынан жас ерекшелік топтары арасындағы әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды. Ол 17-21 жас санатындағы двойной мини-трамп бағдарламасында финалда екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының өкілі Алихан Маулет Қытайдың Нанкин қаласында өткен батут гимнастикасынан жас ерекшелік топтары арасындағы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді.

Ол 17-21 жас санатында двойной мини-трамп жаттығуында өнер көрсетіп, финалда екінші орын алды.

Бұл бәсекеде жеңіс Ресей спортшысы Лев Бусаревке бұйырды. Ол 28,600 ұпай жинады.

Қола медальді АҚШ өкілі Кейсен Мааг жеңіп алды. Оның нәтижесі — 23,900 ұпай.