Диего Пачеко кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады
Карсонда өткен титулдық жекпе-жекте Диего Пачеко Дариус Фулгумға төрешілердің бір ауыз шешімімен есе жіберді. Осылайша Пачеко чемпиондық белбеулерінен айырылды.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен бокс кешінде америкалық Диего Пачеко мен Дариус Фулгум арасындағы титулдық кездесу өтті.
Кездесуде WBC Silver және WBO International тұжырымдары бойынша суперорта салмақтағы чемпиондық белбеулер сарапқа салынды. Бұл атақтар Пачекоға тиесілі еді.
Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілер бір ауыздан Дариус Фулгумның жеңісін тіркеді — 113-114, 112-115, 112-115.
Осылайша, Диего Пачеко кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, белбеулерінен айырылды. Ал Дариус Фулгум профи-рингтегі 16-шы жеңісіне қол жеткізді.
Суперорта салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да өнер көрсетеді. Ол 23 қаңтар күні вакантты WBO әлем чемпионы атағы үшін датиялық Яков Банкпен кездеседі.