Күрес

Билостенный сенсация жасап, Немковты жеңіп, PFL чемпионы атанды

Дубайда өткен PFL Dubai турнирінде Сергей Билостенный Вадим Немковты жеңіп, ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді. Көпшілік фаворит санаған Немков титулынан айырылды.

Дубайда (БАӘ) өткен PFL Dubai турнирінде ауыр салмақтағы чемпиондық белдік үшін өткен жекпе-жек үлкен сенсациямен аяқталды. Ресейлік Вадим Немков пен Сергей Билостенный арасындағы айқас бес раундқа жоспарланған еді.

Кездесуде Билостенный төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Қарсыласы айқын фаворит саналған Немков осы жекпе-жекте титулын қорғап қала алмады.

Осылайша, Сергей Билостенный кәсіпқой мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізіп, PFL-дің ауыр салмақтағы чемпионы атанды. Ал Вадим Немков профи-ММА-дегі үшінші жеңілісіне ұшырап, белбеуінен айырылды.