Футбол

«Қайрат» «Каспийді» 8:2 есебімен ойсырата жеңді

Алматылық «Қайрат» Қазақстан футзал чемпионатының 14-турында ақтаулық «Каспийді» ірі есеппен ұтты. Бұл жеңістен кейін команда турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының 14-турында ақтаулық «Каспийді» сырт алаңда 8:2 есебімен жеңді.

Кездесудің басында-ақ алматылықтар есеп ашты: Жоау Педро бірінші минутта гол соқты, ал Камиль Герейханов 4-минутта басымдықты еселеді. «Каспий» сапынан Арнольд Кнауб 9-минутта бір гол қайтарғанымен, алғашқы тайм аяқталмай жатып Герейханов дубль жасады.

Екінші таймда Рафао көзге түсті. Ол 21 және 24-минуттарда гол соғып, 30-минутта хет-трикке қол жеткізді. 37-минутта Дамир Қайырбай Герейхановтың қателігін пайдаланып, ақтаулықтардың екінші голын соқты.

Алайда көп ұзамай Камиль Герейханов өз есебіне үшінші голын жазды. Одан кейін Павел Карпов матчтағы тоғызыншы голды соғып, «Қайраттың» ірі жеңісін түйіндеді.

Алдыңғы турда бұл командалар 2:2 есебімен тең түскен еді. Бұл жолғы жеңістен кейін «Қайраттың» қоржынында 26 ұпай болды да, команда екінші орынға көтерілді. «Каспий» 23 ұпаймен төртінші орында қалды.