КХЛ-де «Барыстың» қарсыластары 5:1 есебімен ірі жеңіске жетті
Омбының «Авангард» және Екатеринбургтің «Автомобилист» клубтары Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында қарсыластарын 5:1 есебімен ұтты. Бұл нәтижелер турнир кестесіндегі «Барысқа» тікелей әсер етеді.
Омбының «Авангард» және Екатеринбургтің «Автомобилист» клубтары Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында ірі жеңіске қол жеткізді.
«Авангард» сырт алаңда Нижнекамскінің «Нефтехимигін» 5:1 есебімен тас-талқан етті. Жеңімпаздар сапынан Семён Чистяков, Александр Волков, Константин Окулов, Василий Пономарёв және Егор Афанасьев көзге түссе, «Нефтехимиге» Герман Точилкин бір шайба соқты.
«Автомобилист» те өз мұз айдынында дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Екатеринбургтік клуб Қазанның «Ақ Барсын» 5:1 есебімен ұтты.
Бұл ойында «Автомобилист» сапынан Александр Барабанов екі мәрте мергендік танытты. Сондай-ақ Илья Карпухин, Адам Ружичка және Максим Денежкин шайба енгізді. «Ақ Барстың» жалғыз голын Максим Быков соқты.
«Авангард» пен «Автомобилист» Восток конференциясында астаналық «Барыстың» басты бәсекелестерінің бірі саналады. Қазір «Автомобилистте» 29 ұпай, «Авангардта» 28 ұпай, ал «Барыста» 27 ұпай бар.