Үлкен теннис

Жібек Құламбаева серіктесімен Соподағы WTA 125 турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 турнирінің жұптық сайысында топ жарды. Финалда олар матч-пойнттар тартысында жеңісті жұлып алды.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец Колумбияның Сопо қаласында өткен грунттағы WTA 125 турнирінің жұптық бәсекесінде чемпион атанды.

Финалда олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшекке қарсы ойнады. Қарсыласынан 5:7, 6:2, 14:12 есебімен басым түскен Құламбаева мен Эрьявец титулды иеленді. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Финалға дейін бұл жұп австралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнды 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Одан кейін олар екінші нөмірлі жұп — америкалық Рашида Макаду мен Анна Роджерсті 6:1, 7:5 есебімен ұтты.

Жартылай финалға жеткені үшін жұпқа 2600 доллар және әр ойыншыға 49 рейтингтік ұпай берілсе, турнир чемпионы атанғандар 6000 долларды бөлісіп алды және әрқайсысы 125 ұпайдан иеленді.