Қазақстан таэквондошылары Загребте екі алтын, бір күміс алды
Жасөспірімдер құрамасы Хорватия астанасында өткен Zagreb Croatia Open турнирінде табысты өнер көрсетті. Құрама қоржынына екі алтын және бір күміс медаль түсті.
Қазақстанның жасөспірімдер таэквондо құрамасы Хорватия астанасы Загребте өткен халықаралық Zagreb Croatia Open G1 турнирінде үш жүлде жеңіп алды.
Нурай Амангелді 59 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда хорватиялық Сара Рогинді жеңіп, алтын медаль иеленді.
Балгерім Өтеген де жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 68 келіге дейінгі салмақта француз спортшысы Сейни Санені ұтып, чемпион атанды.
Ал Сабина Тұртулова 68 келіден жоғары салмақта күміс медаль алды. Финалда ол Хорватия өкілі Сара Жижичке есе жіберді.
Загребтегі 30-шы турнир 15 қарашада ересектер арасындағы жекпе-жектермен аяқталады.