Бокс

Қожамбердиев қарсыласын екінші раундта есінен тандырды

Ауыр салмақта күш сынасқан қазақ жігіті кім?

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Еділ Қожамбердиев (13-2, 13 КО) Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.  

Қазақ жігітінің қарсыласы танзаниялық  Абель Ндомба болды. Жалпы 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек қазақстандық боксшының нокаутымен екінші раундта аяқталды.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов неліктен бокста өзінен кейін Олимпиаданың алтын иегерлері шықпай жатқаны туралы айтты.