Үлкен теннис

Шевченко Стокгольмдегі Руудты жеңгенін мансабындағы ең маңызды сәттердің бірі деді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Стокгольмдегі ATP 250 турнирінің екінші айналымында норвегиялық Каспер Руудты ұтқаннан кейін пікір білдірді. Ол бұл жеңісті карьерасындағы ең елеулі жетістіктердің бірі деп атады.

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Стокгольмдегі ATP 250 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 18-орында тұрған норвегиялық Каспер Руудты жеңген соң әсерімен бөлісті.

Шевченконың айтуынша, бұл нәтиже оның мансабындағы ең маңызды жеңістердің бірі. Ол Руудты сенімді ойыншы деп сипаттап, қарсыласының адам ретінде де өте жақсы екенін атап өтті.

«Бұл, сөзсіз, менің карьерамдағы ең маңызды жеңістердің бірі. Каспер — өте сенімді ойыншы, ал адам ретінде ол, меніңше, одан да жақсы. Біз жоғары деңгейде ойнадық деп ойлаймын. Өз ойыныма өте ризамын. Мен өзіме сендім. Іріктеу кезеңінде ойнап, корттарға үйреніп алғаным жақсы болды. Мен үшін бұл тамаша күн», — деді Шевченко ATP баспасөз қызметіне.

Кездесуде қазақстандық теннисші бірінші сетте тай-брейкте жеңілді, бірақ кейін екі партияны қатарынан өз пайдасына шешті — 6:7 (5:7), 6:4, 6:3.

Шевченко ширек финалда аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен (51-орын) кездеседі.