Қазақстан боксшылары жасөспірімдер Олимпиадасында үш медаль алды
Дакарда өткен 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан бокс құрамасы екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Финалда екі отандасымыз күміспен шектелсе, бір спортшымыз жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды.
Қазақстанның бокс құрамасы 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында үш медаль жеңіп алды. Дакарда өткен жарыста ел қоржынына екі күміс және бір қола түсті.
Финалға шыққан Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) бразилиялық Сара Кампоспен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы бірінші раундта басым болғанымен, екінші раундта нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Кампосқа берді — 4:1.
Тағы бір финалдық кездесуде Бибарыс Аширбай (70 келіге дейін) британдық Майкл Моэнге есе жіберді. Жекпе-жек 1:4 есебімен аяқталды.
Марал Төлепберген (54 келіге дейін) Қазақстанға қола медаль сыйлады. Ол жартылай финалда Өзбекстан өкілі Сабрина Чакомановаға жол берді. Төрешілер бірауыздан 0:5 есебін тіркеп, Төлепбергенді қола жүлдегер деп таныды.