Күрес

Илия Топурия Нұрмагомедовтың ұсталуына пікір білдірді

Илия Топурия Усман Нұрмагомедовтың Абу-Дабидегі қонақүйдегі жанжалдан кейін полицияға жеткізілгеніне қатысты ашық мәлімдеме жасады. Ол бұл жағдайды «ұят» деп атап, қарсы тарапты сынға алды.

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, испан-грузин файтері Илия Топурия Усман Нұрмагомедовтың Абу-Дабидегі RAF турнирі алдында қонақүйде болған төбелестен кейін ұсталуына байланысты пікір айтты.

Топурияның айтуынша, Нұрмагомедовпен бірге болған адамдар да полицияға жеткізілген. Ол мұндай әрекетті қатты сынға алып, қарсы тарапты «ұятқа қалды» деп сипаттады.

«Как сообщается, Усмана задержали вместе с трусами, которые были с ним. И эти же люди осмеливаются поучать других смирению и уважению? Какой позор. Сборище трусов. Я всегда считал вас посредственностями. Теперь вы развеяли все сомнения. Честь, уважение и смирение проявляются в поступках. Вы не проявили ни одного из этих качеств»

Бұған дейін Топурия төбелестің видеосын жариялаған еді. Ал грузин файтері Мераб Двалишвили Нұрмагомедов пен оның достары қонақүй холлында сұхбат беріп тұрған кезде өзіне және серігіне шабуыл жасады деп мәлімдеген.

RAF турнирінің кестесіне сәйкес, Двалишвили 14 қараша күні Абу-Дабиде бразилиялық Марлон Мораеспен жекпе-жек өткізуі керек.