Торехан Сабырхан Астанадағы әлем чемпионатына қарсыластарына үндеу жасады
Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына дейін болашақ қарсыластарына ескерту айтты. Ол жанкүйерлер көп жиналса, өз мүмкіндігін тіпті жақсы көрсететінін жеткізді.
Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан 2027 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қарсыластарына үн қатты.
Ол жанкүйерлер көп жиналса, өзіне ерекше шабыт пайда болатынын айтып, қарсыластарына жақсылап дайындалуға кеңес берді.
«Моим соперникам советую хорошо готовиться. Потому что я боксирую, когда болельщиков много, я очень хорошо боксирую. Я радуюсь. И казахский народ очень сильно интересуется боксом. Даст Бог, «Барыс-Арена» будет полна, я верю в это. Если будет много людей, я буду прекрасно боксировать. Моим соперникам хочу сказать: «хорошо готовьтесь», — деді Торехан.
World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионаты 2027 жылдың 12–25 сәуірі аралығында Астанада өтеді. Бұл жарыс Олимпиадаға апарар алдын ала маусымдағы ең маңызды сайыстардың бірі болмақ.
МОК шешіміне сәйкес, дәл осы біріншілік Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада жолдамалары сарапқа салынатын алғашқы ірі іріктеу жарысы ретінде өтеді.
Сабырхан 2025 жылы Ливерпульде өткен ересектер арасындағы World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, жапониялық Сэвон Окадзаваны финалда ұтқан еді. Ал 2026 жылы ол Улан-Батордағы Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі, кейін Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен жазғы Азия ойындарының финалында Иордания өкілі Зеяд Ишаишті 5:0 есебімен ұтып, Қазақстанға ерлер боксында 12 жылдан кейінгі алғашқы Азия ойындарының алтынын сыйлады.