Күрес

Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін UWW әйелдер күресі бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта екінші орынға шықты.

Біріккен күрес әлемі (UWW) Астанада аяқталған 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша әйелдер күресіндегі жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстан құрамасының 72 келіге дейінгі салмақтағы көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова үздік спортшылар арасындағы жағдайын нығайтып, екі саты жоғары көтерілді. Қазір оның еншісінде 43 240 ұпай бар.

Осылайша, Бақбергенова әлемдік тізімде екінші орынға жайғасты. Бұл салмақта көш басында Польша өкілі Виктория Холуй келеді — оның көрсеткіші 60 200 ұпай.

Үздік үштікті Қытай балуаны Цзылу Ли түйіндеп тұр. Оның қоржынында 43 000 ұпай бар.

Астанадағы әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта бесінші орын алды. Ол молдован Эмилия Кречунды 13:2, украин Надежда Соколовсканы 9:1 есебімен ұтты, алайда жартылай финалда Цзылу Лиге 2:4 есебімен есе жіберді. Қола медаль үшін өткен белдесуде жапониялық Махиро Ёситакеге 4:6 есебімен жол берді.